$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы қашан келеді?

Қазақстанда жақында еуропалық вакцина пайда болады деген қауесет әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарады.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы еуропалық AstraZeneca вакцина партиясын Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр деген ақпаратты жоққа шығарды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«AstraZeneca сатып алу туралы ақпарат жалған. Компаниялардың барлық өкілімен келіссөздер жүріп жатыр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстанда жақында еуропалық вакцина пайда болады деген қауесет әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарады.

Ағылшын-швед фармацевтикалық компаниясы AstraZeneca наурыздың соңында атауын Vaxzervia деп өзгерткенін айта кеткен жөн.

Еске салайық, AstraZeneca вакцинасының беделі адам өлімінен кейін түскен болатын. Алдымен препаратты қолданудан Аустрия, содан кейін Дания, Германия, Италия, Норвегия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения, Канада және басқа да бірқатар мемлекет бас тартқан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары