Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 25 сәуірдегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 716 адамның жағдайы ауыр; • 181 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 23 сәуірдегі мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан, - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 52 434, өлім жағдайлары - 771, барлығы 51 155 адам сауығып шықты.