05.05.2021, 13:00

«Бәрін шатыстырдыңыз!» - Нығматулин Цойдан нақты жауап беруін сұрады

Ол Цойға тұрғындар мен журналистердің вакцинация туралы сұрақтарына нақты жауап беру керегін ескертті.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан вакцинацияланған адамдардың санын екі компонентпен егілгендер саны бойынша ғана санауды сұрады. Ол Цойға тұрғындар мен журналистердің вакцинация туралы сұрақтарына нақты жауап беру керегін ескертті. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

«Журналистермен кездескенде халыққа нақты сандарды айтыңыз. Әйтпесе бұл эквилибристика бәрін шатыстырды. Сіз қазір 21 күн дедіңіз. Орынбасарларыңыздың бірі 90 күн дейді. Бүгін 45 күнге дейін деп отырсыз. Бәрін шатыстырдыңыз! Біз халықаралық стандарт аясында жылжып келеміз. Сіздердің дипломдарыңызға қараса, барлығы денсаулық сақтау саласында ұйымдастырушы, тағы бір нәрсе. Ендеше вакцинацияны ұйымдастырыңыздар! Бір ақпарат шығады, содан кейін сіздің басқа қызметкеріңіз басқасын айтады. Адамдардың басын ауыртпайық. Екі вакцинация болса, екеуін де өту керек. 15 күннен кейін антиденелер деген - ақталу, Алексей Владимирович. Екі вакцинадан кейін (вакцинаның екі компонентін салдыру. - автор.) вакцинацияланған болып саналады. Осы жерден есеп жүргізіңіздер», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Бұған дейін министр Қазақстанға 2,3 миллион доза вакцина әкелінгенін, 1,4 миллион адам бірінші компонентпен егілгенін хабарлаған болатын.

«Сіз вакцинация бізде ерікті екенін білесіз. Біз вакцинаға барынша қол жетімділікті қамтамасыз еттік. Барлық аймақта вакцина бар. 1400-ге жуық вакцинация пункті ұйымдастырылды. Сауда және ойын-сауық орталықтарында ұжымдарға шығатын 300-ге жуық көшпелі бригада бар. Вакцинация жеткілікті қарқынмен жүріп жатыр. 

Екінші компонент 21 және ең көбі 45 күннен кейін онсыз да салынады. Бірінші компонентті салдырғанна кейін де 15-іші күні антиденелер пайда болатынын түсіну керек. Жеткізудің нақты кестелері бар. Біз өңірлермен жұмыс істейміз. Кеше 117 мың адам вакцина алды, қарқыны артып келеді. Тұрғындар түсінді, бастапқыда вакцинацияға сақтық танытып баратын. Қазір олар көптеген танысы вакцина салдырып жатқанын көрді. Асқынулар жоқ екенін көрді. Азаматтардың белсенділігі артып келе жатқанын байқап отырмыз», - деді министр.

Вакциналардың екінші компонентін 347 мың адам салдырды.