Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
«Бүгін күндіз ДДСҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДСҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.
«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», - деді ол.