Кейінгі тәулікте 26 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 14 844 науқас стационарда, 27 034 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 798 адамның жағдайы ауыр, • 190 науқастың жағдайы өте ауыр, • 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.