ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы екпеден кейін көз жұмған Алматыдағы медицина қызметкерінің өлімі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірге эпидемиологиялық тергеу жүргізген.
"Тергеу барысында пациентке Ресейде жасалған және Қарағандыда шығарылған Sputnik V вакцинасының бірінші компоненті егілгені анықталды. Әйелдің бұрыннан созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруы болғаны белгілі болды", - деп хабарлады комитет.
Өлімнің себебін анықтау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттері медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеруді бастайды. Вакцинаның бұл партиясымен вакцинацияланған қалған пациенттердің жағдайы нашарламайтындығы атап өтілді.
COVID-19 вакцинациясынан кейінгі өлім-жітім жағдайлары тіркелмегені туралы хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Бұған қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.