$ 494.87  520.65  4.91

Мамин вакцина аралығын нақты белгілеуді тапсырды

Сондай-ақ, Мамин шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторинг топтарының жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне вакцина дозалары арасындағы аралықты нақты белгілеуді тапсырды. Бұл ретте халықтың қалауы мен тілегі ескерілуі қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Өңірлерде халықты вакциналауды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Бұл ретте ниет білдірушілердің вакцинаны таңдауға және тиісті ақпарат алуға құқығы болуы тиіс. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялар арасындағы аралықты нақты белгілеп, халықтың қалауы мен тілегіне жауап беруі керек", - деп тапсырды премьер-министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Мамин шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторинг топтарының жұмысын жалғастыруды тапсырды.

"Ashyq қосымшасын қолдану оң тәжірибе көрсетіп отыр. Осының арқасында қызмет көрсету саласындағы бизнес мүмкіндіктері жақсарды, мекемелерге келушілер қауіпсіздігі артты. Қосымшаны қолдану аясын одан әрі кеңейту керек", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандықтар вакциналаудан кейінгі 21-ші күні екінші компонентпен егіле алмай жатқанына шағымданған еді, өйткені жергілікті вакцина егу орындарында дәрігерлер бас мемлекеттік санитаряи дәрігерінің қаулысына сілтеме жасай отырып екпе салудан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары