23.05.2021, 15:36

Елімізде вакцина алғандардың саны екі миллионға жуықтады

Фото: ашық дереккөз
Бүгінгі таңда елімізде 1 984 761 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды.

23 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 984 761 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда елімізде 1 984 761 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 917 917 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында. 

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 291 329 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. 

Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 37 204 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.