Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 3 маусымдағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ВАК-қа сілтеме жасап.
3 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 995 адам коронавирус инфекциясынан (24 351КВИ+ және 644 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
9 468 пациент стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
589 адамның жағдайы ауыр, 128 науқастың жағдайы өте ауыр, 83 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.