$ 488.91  532.62  5

«Науқас саны азайды»: Алматыда жұқпалы ауруларды емдейтін стационарлар жабылады

Табынбаев науқас санының азайып, қаладағы жағдайдың жақсаруына байланысты көптеген коронавирустық стационарлар жабылатынын айтты.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеді. 

“Қалада ауруханаға жатқызу деңгейі 190-200-ден тәулігіне 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты, эпидемиологиялық ахуалдың салыстырмалы түрде қолайлы ағымын сақтай отырып, ковид жұқтырған науқастарды қаланың арнайы ауруханаларына жатқызу жоспарлануда”, – дейді Табынбаев. 

Табынбаев науқас санының азайып, қаладағы жағдайдың жақсаруына байланысты көптеген коронавирустық стационарлар жабылатынын айтты. 

“Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ЖШМККА, Қалалық фитизиопульмонология орталығының филиалы Халық Арена, №1 Қалалық перзентхана, Қалалық Кардиологиялық орталық, Психикалық денсаулық орталығы, №1 Қалалық клиникалық ауруханасы әдеттегі режимде жұмыс істеуде. 14 маусымнан бастап Қалалық орталық клиникалық ауруханасы мен Байзақовта орналасқан И.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалдары ковидтік стационары жабылып, қалыпты жұмыс режиміне оралады”, – деді Табынбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары