$ 488.91  532.62  5

«Қызыл» аймақта бір өңір ғана қалды

Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

9 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр - Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

9 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 22 821 адам емделуде, олардың ішінде 7 640 пациент стационарда, 15 181 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

538 адамның жағдайы ауыр;
114 пациенттің жағдайы өте ауыр;
81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус