$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусты кімдер көп таратады?

Маман жаңа штамды жұқтырған жағдайда көбіне маусымдық ЖРВИ белгілері байқалатынын, сондықтан жастар оған бей-жай қарап, қалыпты өмір сүре беретінін айтады.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Коронавирустың жаңа штамдарын кімдер жиі тарататыны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничнаяның сөзінше, жастар коронавирустың жаңа штамын жұқтырған жағдайда оны жеңіл өткереді. Бірақ олар инфекцияның негізгі тасымалдаушысы болып саналады. 

"COVID-19-дың клиникалық көрінісі өзгерген. Жастар ауруды жеңіл өткереді, сондай-ақ олар вирусты белсенді таратушы болып есептеледі", - деді ол.  

Маман жаңа штамды жұқтырған жағдайда көбіне маусымдық ЖРВИ белгілері байқалатынын, сондықтан жастар оған бей-жай қарап, қалыпты өмір сүре беретінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары