Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының негізгі таратушысы жастар екенін мәлімдеді деп жазады BAQ.KZ.
Бүгін әкім «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берген.
Оның айтуынша, індет жұқтырғандардың көбі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Оның 48 пайызы қоғамдық орында жұқтырған.
Берілген статистика 20 мен 39 аралығындағы жастардың қалалық санитарлық нормаларды ұстанбайтынын көрсетіп отыр, - деді Сағынтаев.