Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 26 122 адам (24 802 КВИ+ және 1 320 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 738 пациент стационарда, 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 488 адамның жағдайы ауыр, - 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 68 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.