$ 494.87  520.65  4.91

«Вакцинациялау мерзімін ұзартуды сұраймыз!» - кәсіпкерлер

Кәсіпкерлер мұндай шараларға дайын еместігін жеткізді.

Шілде айының 15-нен кейін вакцина алмаған қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін жұмыс берушіге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Ал вакцинациядан өтпеген жұмысшы 15 мың теңгелік айыппұл арқалайды. Десек те кәсіпкерлер мерзімнің тым қысқа екенін айтып, қызметкерлерді вакцинациядан өткізу уақытын ұзартуды сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бағынбайтын, вакцинацияланбаған немесе 7 күн сайын ПТР тестілеуден өтпеген қызметкерлерді жұмыс істеуіне рұқсат бергені үшін басшылар жауапкершілікке тартылады", - деді ҚРденсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Кәсіпкерлер мұндай шараларға дайын еместігін жеткізді. Олар қызметкерлерді міндетті вакцинациядан өткізу мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтану саласында екі миллион адам жұмыс істейтін көрінеді. Жарты айда бәріне вакцина егу мүмкін емес, дейді рестораторлар. Оның үстіне, кәсіпкерлер бәрін екпе алуға мәжбүрлей алмайды.

"Біз вакцина алу керек дегенді қолдаймыз, бірақ мұны қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. Физикалық тұрғыдан бұл мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлер скринингті өз қаражатына жүргізіп жатыр. Скрининг жүргізбеген адамдардың дене қызуы көтеріліп, ауруханаға түскен жағдайлары кездеседі. Бұл мерзім кем дегенде 1-15 қыркүйекке дейін ұзартылуы керек", - дейді ҚР қоғамдық тамақтандыру ассоциациясы төрағасының кеңесшісі Вероника Нүрпейісова. 

Еске салсақ, бұған дейін бас санитардың жаңа қаулысы бойынша 15 шілдеге дейін вакцина салу міндеттелген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары