ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 шілдедегі ақпаратты жариялады деп жазады BAQ.KZ.
7 шілдедегі мәлімет бойынша, 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (–32 876 + және 1313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 710 адамның жағдайы ауыр, 143 пациенттің жағдайы өте ауыр, 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
5 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 57464, 1010 өлім жағдайы тіркелді.