18.07.2021, 11:35

Кубалық ғалымдар коронавирустан жүз пайыз қорғайтын вакцина жасап шығарды

Фото: Life.ru
Препарат ауыр жағдайлардың және өлімнің алдын алуда тиімділігі - 100 пайыз, сондай-ақ ауру белгілерін 92,28 пайызға болдырмайтыны айтылған.

Кубаның CIGB Гендік инженерия және биотехнология орталығының коронавирусқа қарсы Abdala вакцинасы сынақтардың үшінші кезеңінде 100 пайыз қорғайтын қасиеті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Препарат ауыр жағдайлардың және өлімнің алдын алуда тиімділігі - 100 пайыз, сондай-ақ ауру белгілерін 92,28 пайызға болдырмайтыны айтылған.

Сынақтарға миллионнан астам адам қатысты.

Мұның алдында препарат елдің денсаулық сақтау ведомствосынан шұғыл пайдалануға рұқсат алды.