Pfizer америкалық компаниясы тамыздан бастап вакцинаның үшінші дозасын салдыруға рұқсат алмақ, - деп хабарлайды Reuters.
Фармкомпания өкілдері биыл тамыздан бастап үшінші дозаны шұғыл түрде қолдануға өтінім жазатындарын атап өтті. Осыған байланысты Pfizer Inc. COVID-19 вакцинасын сату болжамын 29 пайызға - 33,5 миллиард долларға арттырды. Pfizer жариялаған жаңа есепке сәйкес вакцинаның үшінші дозасы адам ағзасындағы антидене санын көбейтеді.
Мұндай мәліметті өндірушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алған 18-55 жастағы адамдардың мәліметіне сәйкес шығарған. Алты айдан кейін вакцинаның үшінші дозасын салғаннан кейін антидене 5 есе өскен.
Одан бөлек, өндірушілердің айтуынша, Pfizer/BioNTech вакцинасның үшінші дозасын салдырған 65-85 аралығындағы адамдар "дельта" штамына қарсы антидене 11 есе ұлғайған.
Pfizer компаниясының өкілдері үшінші дозадан кейін "дельта" штамын бейтараптандыру 100 есе болуы мүмкін екенін айтады. Алайда бұл мәлімет рецензияланбаған және ғылыми басылымдарда жарияланбаған, сондықтан әзірге бұл өндірушілердің өздері жасаған мәлімдеме.