$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда вакцина алған келіншек комаға түсіп қалды

Тек 11 шілде күні жедел-жәрдем шақырған.

11 шілдеде комаға түскен әйел әлі есін жинаған жоқ, деп хабарлайды ЭК.

Маңғыстау облысының Құрық ауылының тұрғыны 6 шілде күні Спутник-V екпесінің бірінші компонентін алған. Екпе алған күні денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Келіншек ертесінде қызуы 37,3 градус болып өзін әлсіз сезінеді. 8 шілде күні дәрігерге қаралуға барып, 9 шілдеде «цистит» диагнозымен демалысқа шығып кетеді.

Енесінің айтуынша, 10 шілде күні келіншек дәмі бұзылған қарбыз жеген. Бір жарым сағаттан соң құсып, тамағы ісе бастаған. Туыстарының сөзінше, ол сол күні кешке дейін құсқан. Тек 11 шілде күні жедел-жәрдем шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары