Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасын ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі – 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", – делінген хабарламада. Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.
"Спутник V" – коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.