10.08.2021, 10:00

«Коронавирус жұқтырған 2 мыңға жуық адамның жағдайы ауыр» - Денсаулық министрлігі

80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 918 адамның жағдайы ауыр, • 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Тегтер: коронавирус