$ 444.32  473.33  4.76

Вакцинадан бас тартқан бір отбасы түгелдей қайтыс болды

Португалияның үш тұрғыны вакциналауға қарсы үгіт-насихатқа сеніп, екпе салдырудан бас тартқан.

Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқан Португалияның үш тұрғыны қауіпті дертке шалдығып, бір аптаның ішінде қайтыс болды.

Бұл туралы Ұлыбританияның Кардифф қаласында тұрып жатқан қаза болғандардың 43 жастағы туысы Фрэнсис Гонсалвес The Guardian басылымына хабарлаған.

Коронавирустан қайтыс болғандар - Гонсалвестің 73 жастағы әкесі, 65 жастағы анасы және 40 жастағы ағасы. Туыстарының сырқаттанғанын естіген бойда Фрэнсис дереу Португалияға жетудің жолын іздей бастайды. Алайда ол келгенге дейін әкесі мен ағасы қайтыс болып кеткен. Ал анасы бірнеше күннен кейін өмірден өтеді.

"Олар үрейге бой алдырып, вакцинаға қарсы үгіт-насихат жасап жүрген адамдарға сенді. Осылайша олар тұзаққа түсті. Мен вакцинадан қорқатын біраз адаммен сөйлестім, бірақ олар бұның соңы жақсылыққа апармайтынын білмейді", - деді Гонсалвес.
Гонсалвестер отбасы 2015 жылы Оңтүстік Африкадан көшіп келіп, Кардиффке қоныстанған. Бір жылдан кейін оның ата-анасы мен ағасы Португалияға кетеді, ал Фрэнсис Ұлыбританияда қалады.

"Әкем бізге бәрін берді: ол отбасын асыру үшін жыртылған шұлықпен де жүре беретін. Анам әкемді жақсы көрді, әкем де оны қатты құрметтейтін. Ал ағам менің ең жақын досым болды", - деген Фрэнсис ағасының өзі білетіндердің арасында "денсаулығы ең мықты" адам болғанына сенеді.

Гонсалвес вакцина ағасының өмірін құтқаратын еді деген өкінішін де жасырмайды:

"Егер ол жаттығу залына бармаса, жаяу жүретін. Ол соңғы 15 жыл ішінде ішімдік ішкен жоқ және диета ұстанатын".

Фрэнсис Гонсалвес өз отбасында болған қайғылы оқиғадан вакцинаға қарсы адамдар сабақ алып, екпе салдырады деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус