Денсаулық 16.08.2021 сағат 02:34

«Йота» штамы шынымен қауіпті ме?

Аталған штамнан өлім-жітім қаупі 65-74 жас арасындағы адамдарда 82%-ға тең.
«Йота» штамы шынымен қауіпті ме?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

СOVID-19-дың «йота» штамы таралып, әлемді тағы да әбігерге салып жатқаны белгілі. Алғаш рет АҚШ-та анықталған бұл штамнан таралатын инфекция өлім-жітім деңгейін тағы да көбейтуі мүмкін деп отыр ғалымдар. 
Жаңа штамм, әсіресе, Нью-Йорк тұрғындарының арасында үрей туғызды, деп жазды korrespondent.net.

Сондай-ақ бірінші рет Үндістаннан шықты делініп жүрген «дельта» штамы да көп талқыға түсуде. Алайда бұл эпидемиологтарды алаңдатып отырған жалғыз вирус желісі емес. Мамандар SARS-CoV-2 коронавирустың 20 шақты нұсқасы бар екендігін алға тартуда. ДДСҰ жіктемесі бойынша Альфа, Бета, Гамма, Дельта, Эпсилон, Зита, Ита, Тета, Йота, Каппа, Лямбда атаулары берілген.

Соңғы аптада «йота» көп талқыға түсті. Нью-Йорктегі Денсаулық сақтау және психикалық гигиена департаментінің мамандары коронавирустың «йота» нұсқасына зерттеу жүргізген. Олар аталған штамнан өлім-жітім қаупі 65-74 жас арасындағы адамдарда 82%-ға тең дейді. Ал 45-64 жас арасындағы тұрғындарға 46%-ға өлім қаупін ұлғайтуы мүмкін. Мұны өзге мутацияларға қарағанда 15-25%-ға жылдам жұғуымен түсіндірді.

Бірақ ғалымдардың өздері вирустың бұл штамнан неліктен ересек адамдардың көп қайтыс болып, 45 жасқа дейінгі топқа неге қауіпті еместігіне түсініктеме бере алмады. Тек өлім-жітім туралы деректер жеткіліксіз деп жорамал жасады. 45 жасқа толмаған адамдар арасында қайтыс болғандар аз болуы себепті үлгі тек бірінші және екінші толқынның штамдары арасындағы айырмашылықты ғана көрсетті деп отыр.

BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар