$ 443.85  474.3  4.8

«Желінген әр хот-дог адам өмірін 36 минутқа қысқартады» - ғалымдар

Зерттеушілер тобы дұрыс тамақтану индексін әзірледі.

Әрбір желінген хот-дог адам өмірін 36 минутқа қысқартады. Мичиган университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды Daily Telegraph.

Зерттеушілер тобы дұрыс тамақтану индексі әзірледі. Ол түрлі тағам, тіскебасар, сусындардың денсаулыққа әсеріне негізделеді.

Анықталғандай, кез келген өңделген еттің бір грамы орта есеппен өмірді 45 секундқа қысқартады екен. Ал хот-догқа келер болсақ, мұндағы қауіпті натрий мен трансмайлы қышқылдарды есептей беріңіз.

Дегенмен осы әдіске негізделе отырып, өмірді ұзартуға болады. Мәселен ақсерке балығын тұтыну өмірді 16 минутқа ұзартса, бір уыс жаңғақ - 26 минутқа ұзартады екен.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары