$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде балалар арасында белгісіз аурулар көбейіп жатыр

Оларда жөтел болады яғни тұмаудың белгілері жөтел, демікпе пайда болады. Ол пневмонияның асқынып жатқанын білдіреді

Әлеуметтік желіде бірнеше өңірдің тұрғындары балалар ауруханасында орын тапшы екендігін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Астана арнасы

Көбі пневмония диагнозымен түскен. Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір барлығы реттелді, дейді. Дегенмен, кәмелетке толмағандар арасында аурушаңдық бірнеше өңірде өршіп тұрған көрінеді. Оқу жылы басталғалы 15 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырған.

Қазан айының  соңында  оқушылардың індетке шалдығу көрсеткіші 1,3 есе  төмендеген.  Бірақ, кейбір аймақтарда коронавирус жұқтырғандар  қайта көбейіп  келеді.

“Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады. Ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 0,8 пайызында COVID-19-дың оң нәтижесі анықталды”, – дейді денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов. 

Балалар арасында  короновирустан басқа аурулар да белең алып тұр.   Нұр-Сұлтан қаласының өзінде пневмонияға шалдыққандар былтырғыға қарағанда  2 есе  көп. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүлдіршіндер мен жасөспірімдер дертті сауда орталықтары мен ойын-сауық мекемелерінде жұқтырған.   

“Балалар ауруханасында 523-тен астам балалар ем алып жатыр. Бұл - тек қана пневмония бойынша. Жедел жұқпалы аурулар бойынша қазіргі таңда 162 бала ем алуда. Сондай-ақ коронавирустың инфекция бойынша біздің балалар ауруханасында 25 бала ем алып жатыр және амбулаториялық емде 500 бала. Кіші балаларда температура көтерілуі мүмкін. Оларда жөтел болады яғни тұмаудың белгілері жөтел, демікпе пайда болады. Ол пневмонияның асқынып жатқанын білдіреді”, – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Амангелдиева.

Ауруханаларда орын жетіспеушілігінің болғанын жауаптылар да жасырмайды. Науқастың көптігінен, үлгеру қиын болды, дейді. Төсек-орын мәселесі шешілген. Бірақ, сырқаттардың саны азаймапты.

12 жастан асқан жасөспірімдерге салынатын "Pfaizer" екпесі келер аптада Қазақстанға жеткізіледі. Денсаулық сақтау вице-министрі препараттың 4 миллион дозасы кезең-кезеңімен тасымалданатынын жеткізді. Вакцина бірінші кезекте оқушыларға егіледі. 

“Оқушылардан басқа, мен айтып кеткендей жүкті әйелдер, емізулі әйелдер, жаңа босанған әйелдер сол кісілер ала алады”, – дейді Шоранов.

Америкалық ғалымдар әзірлеген вакцинаны салу үшін медицина қызметкерлері арнайы оқудан өтеді. Ал  екпе барлық аймаққа таратылып болған соң ғана салына бастайды. Бүгін Мемлекет басшысы  эпид ахуалды нашарлатпай ревакцинацияны тездетіп бастау керек екенін мәлімдеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары