02.12.2021, 03:32

Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың саны 13 мыңға таяды

111 науқас аса ауыр жағдайда жатыр.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші туралы ақпарат жарияланды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 25 694 адам CVI-дан ем алуды жалғастыруда (22 206+ және 3488 CVI-), оның ішінде 5395 науқас стационарда, 20 299 амбулаторлық деңгейде.

CVI + және CVI- бар науқастардың арасында:

• жағдайы ауыр – 366 науқас,

• аса ауыр жағдайда – 111,

• желдеткіште – 69.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлығы коронавирустан 12703 адам көз жұмған.

Тегтер: коронавирус