Бүгін қан орталығына келген әрбір жанға мамандар ерекше ілтипат көрсетті. Кіреберіске қызыл кілем жайып, орталыққа келушілерді көңілді әуенмен қарсы алды.
Отандық медицина саласының белді хирургі Мәди Биғалиевке Шымкент қаласындағы өзі қызмет атқарған ауруханада ескерткіш тақтайша орнатылды. Арнайы жиынға жергілікті әкімдік өкілдері мен медицина саласының қызметкерлері қатысып, өңірдің денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосқан алтын қолды дәрігерді еске алды.
Шымкентте медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп, 9 дәрігерге пәтер кілті табысталды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, медициналық ұйымдардың қызметкерлері, ардагер-дәрігерлер қатысқанын айта кетейік.
Жағымды жаңалық! Шымкент қаласында 1000 орынға лайықталған ірі аурухана, сондай-ақ, бір ауысымда 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынатын болды.
Шымкент қалалық кардиологиялық орталықта қуанышты оқиға орын алды. Рамазан айының құрметіне орталыққа «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Корпорация Береке» ЖШС және «Бадам-Тас Строй» ЖШС бірлесе отырып, автотұрақ салып берді.
«Дені сау дәрігер – дені сау пациент». Осындай атаумен Шымкентте медицина қызметкерлері күніне арналған спартакиада өтті. Спорттық бәсекеге Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардағы қызметкерлерден құралған 39 команда қатысуда. Оның ішінде жекеменшік медициналық орталықытардың да бар екендігін айта кеткен жөн.