$ 498.34  519.72  4.85

Активтерді қайтару туралы заң жобасы қабылданбас бұрын халықтың талқысына салынады

Жақын арада заң жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әділет министрлігі елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын қабылдамай тұрып қазақстандықтарға көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңсыз әкетілген активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеу неге кешіктіріліп жатыр? Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сауал жолдап, жұмысты қазіргі үкімет кешеуілдетіп отыр деп санайды", - деп сұрады журналистер Сенат кулуарында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.

Жакселекованың айтуынша, заң жобасын Әділет министрлігі әзірлеп жатыр, қазір оны мүдделі мемлекеттік органдармен қатар құқық қорғау органдары да жан-жақты талқылап жатыр.

"Жақын арада заң жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланады. Жұртшылық көріп, пікір білдіре алады. Құзырет шегінде қазір ақпарат осындай. Жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр, өйткені мәселе жеткілікті кешенді, белгілі бір уақытты қажет етеді", - деп түсіндірді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары