21.06.2023, 22:30

Арқалық жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген

Фото: ulysmedia.kz
тапсырыс беруші Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі толық дайын болмаса да, жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын екі жобаны қабылдаған.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қостанай облысының Арқалық қаласында тапсырыс беруші Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі толық дайын болмаса да, жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын екі жобаны қабылдаған. Оның бірі «Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы болса, екіншісі - қуаты 2,5 МВт №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде Арқалық ЖЭО-сын реконструкциялау. Нәтижесінде Арқалық жылу электр орталығына қатысты жұмыстар тек қағаз жүзінде іске асырылған», - деді Н. Годунова.

Айта кетейік, бұдан бұрын еліміздің жылумен қамту жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды. Қыста жылусыз қалған қалалардағы ЖЭО-ларды тексерген аудиторлар миллиардтаған қаржылық бұзушылықтарды анықтады.