$ 498.34  519.72  4.85

Доллар бағамы 500 теңгеге жете ме – Экономистер болжам жасады

Әсер етуі мүмкін тағы бір маңызды фактор – рубльдің санкцияларға байланысты тұрақсыз болып, әлсіреуі.
Фото: Sputnik/Владислав Воднев
Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Бүгін Ұлттық банк бекіткен Америка валютасының бағамы 476 теңге 89 тиын. Ал ақша айырбастау орындарында 486 теңге төңірегінде саудалануда. Ал қыркүйек айының басында ол 26 теңгеге арзан болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар доллардың қымбаттауына қатысты әдеттегідей бірнеше факторды алға тартып отыр. Негізгісі, қазір ірі компаниялар валюталық несиелері бойынша есеп айырысатын науқан. Бұл жағдай нарықта АҚШ валютасына үлкен сұраныс туындатты.

Әсер етуі мүмкін тағы бір маңызды фактор – рубльдің санкцияларға байланысты тұрақсыз болып, әлсіреуі.

Кейбір экономистер бұл қарқынмен жыл соңына қарай доллар бағамы 500-ге жетуі мүмкін деп санайды.

Бірінші кезекте Ресей рублінің девальвациясының Қазақстанға әсері. Жыл басынан бері рубль айтарлықтай құнсызданған – 30-40%. Ең алдымен, Ресей мен Қазақстан арасында біздің экономикамыз тығыз байланысты екенін ескеруіміз керек. Тағы бір фактор – бұл өткен жылдардағы жоғары жинақталған инфляция. Яғни бізде жылдық инфляция 20% -дан жоғары, сәйкесінше ішкі жинақталған инфляцияға әсер етеді, – дейді экономист Арман Байқағанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары