$ 447.4  477.55  4.76

Түркияның елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Ұянык барша Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Орталық Азиядан Балқан түбегіне дейін созылып жатқан ортақ кеңістікте көктемнің жаршысы болған, молшылық пен береке әкелетін Наурыз мейрамымен дос және бауырлас қазақ халқын құттықтап, тыныштық пен гүлдену тілеймін", - дейді дипмиссия жетекшісі.

Ол сондай-ақ, 25 жыл бойы достық және туыстық қарым-қатынасқа негізделген қазақ-түрік байланысының одан әрі нығая түсуіне ниетті екенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары