01.12.2023, 17:20

Ұлттық банк қараша айында валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Фото: Фото: ИА «NewTimes.kz»

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,2 млрд АҚШ долларын құрады.

 

Ұлттық банк қараша айында валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк қарашада биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларын құрады, – делінген банк хабарламасында.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Айта кетейік, Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты  аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді.