$ 441.58  480  4.86

Ғалым Байназар: 32 жылда теңгеміз 99 есе арзандап, зейнетақымыз 20$ азайып кетті (ВИДЕО)

Барлық бай адамдар содан үлкен табыс табады.

Инфляцияны ұстап тұрумен Ұлттық банк өлсе де айналыспауы керек екен. Ондайды естіп пе едіңіз? Ал 245 млрд $ доллар ақшасы бар Қазақстан ақшаны құр жатқызбай «айналдыру» үшін оны ішкі нарыққа емес, сыртқа жұмсайды екен. Шетел компанияларының акция, облигациясын алады. Неге ішке жұмсамайды? Сөйтсек, елімізде ақша көбейіп кетсе инфляция көтеріліп кетеді-міс. Міне жаңалық! Осының бәрін «Qasqa jol» YouTube каналына қонақ болып келген ҚР Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы Ғалым Байназар айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ардагер-қаржыгер маманның айтуынша, бүгінде теңгеміз құлдырамау керек екен.

Ұлттық банктің жүргізіп отырған саясаты теңгенің бағамын ұстау мәселесінде бұл – үлкен қасірет. Мұнымен мақтана алмаймыз. Былтыр теңгенің айналымға кіргеніне 30 жыл болды. Теңгені кезінде мен кіргіздім. 15 қарашада. Доллармен есептеп 4,75 қылдым. Біздің Үкіметтің сол кездегі Сембаев отырған кезінде үлкен қарсылық көрсетіп, сол ақшаны айырбастау кезінде курс конверсия дұрыс болмай қалды. Соның кесірінен кейін теңгенің бағамына әсер етті. Енді қазір есептесек, 2022 жылдың қорытындысымен 460, 48. Яғни, 30 жылда 99 есе төмен түсіп тұрмыз. Өсудің, нығаюдың орнына құлдырап барамыз. Негізі теңгеміздің курсы нығаю керек еді. Өйткені экспортымыз да, импортымыз да қазір үлкен. Ал енді экспорт импорттан 30-40 пайыз үлкен. Сонда біз цифрмен айтсақ, жағдай мынадай. 2022 жылы экспортымыз шамамен 85 млрд болды. Импорт 51 млрд. Сонда 30 миллиардтың көлемінде импорттан экспорт артық. Ал төлем балансының қорытындысы, 8,5 млрд қана. Демек, мұндай жағдайда теңге нығаю керек. Егерде экспорт импорттан аз болса, теңге төмен түсуі керек. Үлкен экспорт болса,  төлем балансымыз 10 болып тұрғанда теңгеміздің құны төмен түспеу керек. Енді қарасаңыз, бізде импорттан экспорт үлкен. Ұлттық валютаның бағамы түспеу керек. Керісінше, нығаю керек. Неге ол түседі? Себебі біздің валюталық биржада ақша сатылатын алаңда неше түрлі «спикулянттар» жұмыс істейді. Барлық бай адамдар содан үлкен табыс табады. Көрдіңіз бе? Олар біздің Үкіметтің пайдасына жұмыс істеп отырған жоқ. Ұлттық банктің басшылары солармен бірге тұр. Оларды шеттету керек, – деді маман.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары