28.02.2024, 23:30

Депутат бәсекелестік тудыру үшін ірі банктерді бөлуді ұсынды

Фото: Pixabay

"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес".

Депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды және ірі банктерді бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден [асатын] аударымдарға ғана критерий енгізу", - деді ол.

Tengrinews.kz –тің жазуынша, ақша-кредит саласына байланысты Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.

"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол.