14.03.2024, 16:20

Кінәлілер жазаланды: Екібастұзда әкімдік 1 млрд теңгеге жер алмақ болған

Фото: naceks.kz

Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.

Павлодар облысының прокуратурасы  тексеру  нәтижесінде Екібастұз әкімдігінің 1 001 197 999 теңгеге жасаған келісімін тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокуратура МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді.

Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.

Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.