Қазақстан – алманың отаны. Бірақ бұл факт баға белгілеуге ешқандай әсер етпейді.
Қазақстандағы алманың бағасы ТМД елдерінің көпшілігіне қарағанда қымбат. Келісі шамамен 1,35 доллар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстан – алманың отаны. Бірақ бұл факт баға белгілеуге ешқандай әсер етпейді: ел бірнеше рет осы жемістің құны бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) көшбасшы болды. Мысалы, 2022 жылы алма Қазақстанға қарағанда тек Өзбекстан мен Беларусьте ғана қымбат болды, ал 2023 жылы ел жалпы құны бойынша бірінші орынды иеленді. Белгілі болғандай, 2024 жылы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Numbeo порталының мәліметінше, Қазақстанда бір келі алманың орташа құны 1,35 долларды құрайды, яғни қазіргі бағам бойынша шамамен 602 теңге. ТМД-ның басқа елдері арасында жоғары баға тек Өзбекстанда тіркелді – 1,37 доллар. Ресейде алманың келісі орташа есеппен 1,2 доллар, Беларусьте – 0,97 доллар, Арменияда – 1,14 доллар.
Жалпы әлемдік бағаға келетін болсақ, ең қымбат алма Оңтүстік Кореяда – бір келісі орташа есеппен 6,56 доллардан сатылуда. АҚШ-та олардың орташа құны шамамен 5,31 долларды құрайды, ал ең арзан алманы Украинада табуға болады – бір келіге орташа есеппен небәрі 0,69 доллар.