Жиын Астана уақытымен сағат 20:10-да 24KZ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысып, сөз сөйлейді.
Жиын Астана уақытымен сағат 20:10-да 24KZ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.