29.05.2024, 18:00

«Ең арзан жол бізде»: Министр ақылы жолдардың бағасы тағы өсетінін айтты

Фото: NUR.KZ / Авторы Владимир Третьяков

Отандық және шетелдіктер бірдей төлеу керек.

 

Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардағы тариф бағасына қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ең арзан баға бізде екенін айтып, алдағы уақытта ақылы жолдардың тариф бағасын тағы көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

Жолдың бағасын көтеру жоспарда бар. Халықаралық көлік жүргізу конвенциясына сәйкес, отандық және шетелдіктер бірдей төлеу керек. Ең арзан жол бізде. Мәселен, Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Ресейліктер осы жолда жүргені үшін шақырымына 25 теңге төлейді, ал бізде 1 теңге 20 тиын, - деді ол.

Сондай-ақ министр қандай кісілер ақылы жолда тегін жүретінін айтты.

Жолдаушыларды тасымалдайтындар ақылы жолға мүлдем төлемейді. Жүк тасымалдаумен айналыстандар алдын ала төлесе, 15 пайыз жеңілдік жасаймыз. Сапасы төмен жолдарға ақы төленбейді, - деді Марат Қарабаев.