Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы мамырда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,5%), Маңғыстау (10,2%) облыстарында, Астана қаласында (10,4%).
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы мамырда баяулады, бір жылда 8,5% (2024 жылғы сәуірде – 8,7%), бір айда – 0,4% құрады (өткен айда – 0,6%), деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,9% (2024 жылғы сәуірде – 13,5%), азық-түлік емес тауарларға – 7,6% (2024 жылғы сәуірде – 7,6%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2024 жылғы сәуірде – 6,3%).
Инфляция динамикасы
Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,9%, суық суға – 35,9%, ыстық суға – 35%, орталықтан жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31,4%, қоқыс шығаруға 31,2% өсті.
Баға денсаулық сақтау қызметтеріне – 14%, ұялы байланыс, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,4%-дан, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 12,1%, салт-жора қызметтеріне – 11,9%, үй жөндеу қызметтеріне – 10,8%, санаторийлер, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,8%-дан жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 5,9%, қалааралық автобуспен 4% қымбаттады.
Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 13,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11%, киім және аяқ киімге – 10,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 8,9%, құрылыс материалдарына – 6,3%, ыдысқа 5,2% өсті. Сұйытылған газ баллондағы 10,8% қымбаттады.
Бағаның өсуі сәбізге – 18,4%, күрішке – 17,4%, минералды және ауыз суға – 16,9%, жаңа жиналған жемістерге – 14,8%, салқындатылған сусындарға – 13,3%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 13,1%, жеміс және көкөніс шырындарға – 11,8%, жаңа ауланған балыққа – 11,7%, сары майға – 11,2%, кондитерлік өнімдерге – 10,9%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанға 10,6% тіркелді. Бағаның төмендеуі пиязға – 42,9%, күнбағыс майына – 24,7%, қарақұмық жармасына – 23,9%, ақ қауданды қырыққабатқа – 18,1%, құмшекерге 4,9% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы мамырда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,5%), Маңғыстау (10,2%) облыстарында, Астана қаласында (10,4%).
Инфляцияның жылдық деңгейіне салым
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері (2,3 пайыздық тармақ), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.
Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 7,5%, ет және ет өнімдеріне 4,7% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,5 және 0,6 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері – 6,9%, жемістер мен көкөністер – 4,2% қымбаттауы және 0,3 пайыздық тармақтан, алкоголсіз сусындар (8,3%) – 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 17,6% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,3 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы мамырда өткен жылғы мамырмен салыстырғанда орталықтан жылыту – 33%, тұрғын үйді жалға алу 10,2% жоғары болды және тиісінше, жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан үлес қосты. Электрэнергия 31,4% қымбаттады, 0,7 пайыздық тармақты, суық су (35,9%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан, тиісінше үлес құрады.