Ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгін, яғни 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Павел Дуров "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы.
Мен оның (Қырғызстанға – ред. ескертпесі) келгенін және Ыстықкөлде болғанын білемін, оның командасын тікелей білемін. Павел Дуровты әлі танымаймын, бірақ менің шақыруымды, әріптестерімнің шақыруын оған жеткізді деп сендірді. Болашақта ол Қазақстанға келеді деп ойлаймын, солай деп үміттенемін. Бұған жету үшін жеке өзім күш саламын. Талқылайтын нәрсе бар – бірлескен зертханаларды іске қосу және т.б., өйткені, білесіздер, Telegram – жоғары технологиялық компания. Олар жақында блокчейн технологиялары мен криптоиндустрия компанияларымен ықпалдасу бойынша бірқатар бастаманы жариялады және блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосуда, - деді министр Жаслан Мәдиев.
Ол Дуровпен жоғары технологиялық жобаларды талқылағысы келетінін айта кетті.