ҚР Ұлттық Банкінің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.
Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда – 499,28 теңгеге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден сатылып, 495 теңгеге сатып алынуда. Ал Алматыда америкалық валютаны сату 498,77 теңгені, сатып алу - 496,88 теңгені құрайды.
ҚР Ұлттық Банкінің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.
Бұған дейін Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айырбас бағамының консервативті болжамы бойынша алдағы үш жылда бюджетте доллар бағамы 470 теңге деңгейінде болатынын жеткізген еді.