$ 525.11  546.74  4.88

Қазақстанда зергерлік бұйымдар рекордтық қарқынмен қымбаттады

Көршілес Қызылорда облысы да артта қалмай, +13,2% көрсеткішімен 2015 жылдың қазанынан бергі ең жоғары өсімді тіркеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарашада зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы ҚР бойынша орта есеппен өткен айға қарағанда 6%-ға өсті. Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі байқалған ең үлкен өсім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, жалпы, зергерлік бұйымдар бағасына валюта бағамының күрт өзгеруісі қатты әсер ететін сияқты: 2022 жылдың наурызынан басқа, осындай күрт өсім 2015 жылдың күзінде де болған, бірақ ол кезде өзгерістер айырбас бағамының еркін айналымына өткеннен кейін бір-екі айдан соң тіркелген еді.

Айта кетерлігі, қымбаттау бұл жолы да, бұрын да, өңірлерде біркелкі жүрмеді. Бұл жолы Түркістан облысы ерекше көзге түсті: мұнда бірден +16,5%. Өңірдің қазіргі шекарасы бойынша алып қарағанда, бұл 2018 жылдан бергі ең үлкен өсім. Ал бұрынғы шекарасы бойынша, яғни ОҚО-ны алсақ, кем дегенде 2011 жылдан бері байқалған ең жоғарғы көрсеткіш. Көршілес Қызылорда облысы да артта қалмай, +13,2% көрсеткішімен 2015 жылдың қазанынан бергі ең жоғары өсімді тіркеді.

Айтпақшы, тауар түрлері бойынша қарағанда алтын неке сақиналарының бағасы едәуір өскен: айдан айға +6,2%. Бұл да 2022 жылдың наурызынан бері байқалған ең үлкен өсім, көбінесе, аталған өңірлердің әсерінен болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары