$ 530.24  543.97  5.16

Жаңа жылдың алдында доллар қайта қымбаттап кетті

Ұлттық банктің 31 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,54 теңге. 

Фото: Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,54 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 525,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5теңге. Еуро 546 — 553 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 31 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,54 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 546,47.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары