Әкімдердің қыздары 10 миллион теңгелік сөмке ұстамаса. Әкімшілік пен салық комитетінің қызметкерлері аз айлықпен қымбат үйде тұрып, қымбат көлік мінбесе.Былай қара халықты шулата берудің соңы жақсылыққа алып бармайды.
Елімізде мобильді аударымдар тексеріледі. Егер банктер салық комитетіне ақпарат беруін қоймаса банкті қойып қағаз ақшаға өту керек шығар. Бұл туралы экономист әрі желі белсендісі Сәбит Рысбаев мәселе көтерді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, Қазақстанда қарапайым сіңір кәсіпкерлер биліктен ештеңе сұрамайды. Бір ғана нәрсе сұрайды. Тыныштық берші деген. Былай қара халықты шулата берудің соңы жақсылыққа алып бармайды.
«Соңғы кезде Каспи аударымдар тексеріледі. 255 000 нан асса 10% салық төлейді екен деген халық арасында әңгіме көбейіп кетті. Ерінбегендер бұл жайлы видео түсіріп халықты одан бетер дүрліктіруде. Ол былай деп айтатын не Ұлттық банк не Қаржы министрлігі де жоқ.
Жалпы былай ғой. Банктер 3 ай бойы қатарынан бір кісіге 100 түрлі адамнан, 100 ден аса аударымнан артық ақша аударылса және оның жалпы суммасы 255 мың теңгеден асса сол адам жайлы мәліметтерді салық комитетіне береді. Ары қарай салық комитеті ол адамды көлеңкелі бизнес жүргізіп жатыр деп күдіктенсе ескерту береді.
Тіркелмей кәсіп жасаса алғашында 58 980 теңге айыппұл салады. Тағы қайталанса 117 960 теңге салады. Егер кәсіпкер фискалды чек бермесе 117 960-157 280 теңге арасында айыппұл төлейді.
Мұның бәрі дұрыс дер едім. Егер де бұлақтың басында отырғандар бір айлықпен жұмыс жасаса. Тендерлер откатсыз өтсе. Әкімдердің қыздары 10 миллион теңгелік сөмке ұстамаса. Әкімшілік пен салық комитетінің қызметкерлері аз айлықпен қымбат үйде тұрып, қымбат көлік мінбесе. Жалпы жоғарыдағылар өздері ұрламаса. Әйтпесе триллиондап пайда табатын банктер салықты дұрыс төлемей, күннің суығында қалтырап отырған саудагерге аударымды тоқтат. Енді саған айыппұл жазамыз десек, әрине, әділетсіздік.
Қайбір жылы Тайланда болдым. Біреулер үйінде кір жуатын ашып қойған. Біреулер үйінің алдында балық пісіріп сатып жатыр. Жалпы тірі адам тірлігін жасайды. Олардың салық төлеуі қызық екен. Біздегідей бәрін бірдей 3%-10%-20% деп ұрмайды. Сіңір бизнесмендерге салық 0. Кәдімгідей салық төлемейді. Үлкен кәсіп иелерінің салығы 35%-ке дейін кетіп қалған. 5%-35% арасында. Таксист, асхана, шаштаразы, деген сіңір кәсіпкерлер салық төлемейді.
Сосын таксист дегендер кәсіпкер емес. Выживший адам екенін түсіну керек едік. Олардың өз күнін өздері көргенге де рахмет айту керек. Ұрлық жасамаса, біреуді тонамаса шүкір деу керек. Айына 200-300 доллар табатын таксист кәсіпкер емес. Олардан не бетімізбен салық алмақшымыз?
Қазақстанда қарапайым сіңір кәсіпкерлер биліктен ештеңе сұрамайды. Бір ғана нәрсе сұрайды. Тыныштық берші деген. Былай қара халықты шулата берудің соңы жақсылыққа алып бармайды. Алдымен үлкен кәсіпорындар салықтарын дұрыс төлесін. Оффшормен айналыспасын. Үлкендерге білгенін жасатып, кішілерді сыға берген болмайды. Егер банктер салық комитетіне ақпарат беруін қоймаса банкті қойып қағаз ақшаға өту керек шығар деп ойлаймын. Ең көп ақпарат беретін банкке бойкот жариялау керек сияқты ғой», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.