15.07.2025, 12:30

«Теңге құлдырай ма?»: Үкімет теңгенің тағдырын айтты

Фото: life09

Олжас Бектенов қазіргі уақытта ұлттық валютаның күрт әлсіреуіне негіз болатын алғышарттар жоқ екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов үкіметтің теңге бағамының күрт төмендеуін немесе девальвацияны болжамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, базалық сценарий бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы мұнайдың 1 баррелі 60 доллар болған жағдайда 540 теңге деңгейінде болжанып отыр.

Олжас Бектенов қазіргі уақытта ұлттық валютаның күрт әлсіреуіне негіз болатын алғышарттар жоқ екенін атап өтті.