18.08.2014, 09:54

Бірінші жартыжылдықтағы экономикалық индикатор өсімі 2,7%-ды құрады

Сурет: bnews.kz

2014 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 2,7%-ды құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Статистика агенттігі таратқан мәліметтерге сенсек, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде нақты көлем индексі көлік саласы бойынша 107%, байланыс саласы бойынша нақты көлем индексі 109,3%, сауда саласы бойынша 109,6%-ды құрады.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 3130,1 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 12,4% өсті.

Сондай-ақ, 2014 жылғы каңтар-маусым айларында сыртқы сауда айналымы 61021,5 млн. АҚШ долларын құрап, былтырғы салыстырмалы кезеңге шаққанда 6,5% төмендеді. Оның ішінде экспорт  41842,9 млн. АҚШ долларын (1,9% аз), импорт  19178,6 млн. АҚШ долларын құрады (15,2% аз).