$ 494.87  520.65  4.91

Тамыздағы жағдай бойынша астық өнімділігі былтырғыдан 4 ц/га. кеміп кетті

Қазіргі таңда егін ору науқаны республикамыздың сегіз аймағында жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн. га. құрады, солардың ішінде дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар – 15,6 млн. га., соның ішінде бидай – 12,8 млн. га. Майлы дақылдар шамамен 2,3 млн. га., мақта 128,9 мың га., қант қызылшасы 1,8 мың га., картоп және көкөніс-бақша дақылдары тиісінше 182,0 және 223,2 мың га., жемдік дақылдар 3,5 млн. га. алқапта егілген.

«Үстіміздегі жылдың 14 тамыздағы жағдай бойынша 7,6 млн. га. немесе 49,7% дәнді дақылдар жақсы күйде, 6,7 млн. га. немесе 43,9% қанағаттанарлық, 0,8 млн. га. немесе 5,5% нашар күйде, 0,1 млн. га. немесе 0,9% дәнді дақылдар егістері жойылды», делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес биылғы дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га. деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды.

2014 ж. 19 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 943 мың га. жинап, 11,6 ц/га. түсімділігімен 1 млн. тоннадан астам астық бастырған, бұл өткен жылғы деңгейден 4,0 ц/га. кем. Жамбыл (8,1 ц/га.) және Ақтөбе облыстарында (4,1 ц/га.) дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа-райының құрғақшылық жағдайларына байланысты өнімділіктің төмен дейгейі белгіленді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,9 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 210 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары