«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев биыл өзі жетекшілік ететін мекеме арқылы ауыл кәсіпкерлеріне 31 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы Нармұхан Сарыбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында мәлім етті.
– Ағымдағы жылы жаңа бағдарламаларды есептегенде, Қор тарапынан фермерлер мен ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға 31 миллиард теңгеге жуық сома бөлінеді деп күтілуде, – деді ол өз мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, Қордың басты міндеттерінің бірі ретінде ұзақмерзімді қаржыландырудан басқа, жоғарыда аталған несиелеу бағыттары бойынша мемлекет тарапынан сыйақы үстемелерді субсидиялау, фермерлердің инвестициялық шығындарын субсидиялау қарастырылған. Айта кетейік, еліміздің агроөнеркәсіп кешені осы кезге дейін мұндай қолдау алмаған болатын.