18.09.2014, 07:02

Биыл елдегі электр қуатын өндіру былтырғы деңгейінен 101,1%-ды құрады

Сурет: argumentua.com

Биыл 16 қыркүйектегі республикада электр энергиясын өндіру 64,4 млрд. кВтс немесе өткен жыл деңгейінен 101,1%-ды құрады. Республика бойынша тұтыну 62,7 млрд. кВтс немесе өткен жыл деңгейінен 100,7%-ға артты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша, энергетикалық көздердің отын қоймаларында 3,6 млн. тонна көмір, 105,3 мың тонна мазут жинақталды. Тұтас алғанда, пайдаланылатын қор Үкіметтің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына сәйкес бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Биыл жүйелік оператор бекіткен жөндеу кестеге сәйкес 9 энергоблокқа, 67 қазандыққа және 47 құбырға күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 5 блокқа (жылдық көлемі 55%), 38 қазандыққа (57%), 18 құбырға (38%) жөндеу жасалды. 3 энергоблокта, 25 қазандықта және 30 құбырда жөндеу жұмыстары аяқталудың әр түрлі кезеңінде тұр. Тұтас алғанда, жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүзеге асырылуда.