2016 жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 9%-ға өсіп, 13,9 млрд долларды құраған. Ал, 2017 жылдың алғашқы тоқсанындағы жағдайға сәйкес, біздің елдегі берешегі 13,8 млрд долларға жетті деп жазады Ranking порталы.
2014-2015 жылдары аралығында Қазақстан стратегиялық дамуға арналған жобаларын жүзеге асыру мақсатында халықаралық қаржы институттарынан бірнеше рет қарыз алған. Соның салдарынан Үкіметтің сыртқы қарызы 2015 жылы бірден 65 пайызға өсіп, 12,7 млрд долларды құраған болатын. 2016 жылы бұл цифрлар тағы артып, қарыз үстіне тағы 1,2 млрд доллар қосылған.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан Дүниежүзілік банктен рекордтық көрсеткіштегі қаражатты, яғни 2 млрд долларды резервтеді. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 9 есеге көп және инвесторлар алдындағы қарызымызды 35 пайызға дейін ұлғайтты. Ал, 2017 жылы резервтеген қаражатымыз әзірге тек 67 миллион долларды құрап отыр.